«Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 170 және «Өтiнiш-декларацияны тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 48 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қараша 2024 ж.

    «Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 170 және «Өтiнiш-декларацияны тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 48 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналардың:

    1) «Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 170 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6397 болып тіркелген);

    2) «Өтiнiш-декларацияны тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8379 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі

    А. Шаккалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.