«Шортанды ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Шортанды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № А-8/193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шортанды ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Шортанды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № А-8/193 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30129 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі
С.Шабаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.