Ерейментау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № а-5/135 «Ерейментау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 қараша 2024 ж.

    Ерейментау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № а-5/135 «Ерейментау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ерейментау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № а-5/135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28042 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

    ««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ерейментау ауданының әкімі

    Н.Мукатов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.