Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 123/1 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қараша 2024 ж.

    Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 123/1 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы « Құқықтық актілер туралы » Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 123/1 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

    18-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

    «17) шағымды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдер қабылдайды».

    2. «Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімінің міндетін атқарушы

    С. Батырғужинов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.