Балқаш қаласы әкімдігі қаулының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 қараша 2024 ж.

    Балқаш қаласы әкімдігі қаулының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 56/04 «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 21759 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Балқаш қаласының әкімі

    С. Сатаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.