«Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 136 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қараша 2024 ж.

    «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 136 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33156 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) ұлттық оператордың функциялары:

    денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша;

    денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша;

    медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру.

    медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік

    амбулаториялар бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторинг жүргізу;

    денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша;

    денсаулық сақтау объектілерін медициналық жобалау бойынша;».

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.