Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қараша 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысының 4 және 5-тармақтары.

    2. «Мемлекеттік фильмдер қорының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 551 қаулысының 1-тармағы.

    3. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 65 қаулысы.

    4. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 421 қаулысы.

    5. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 278 қаулысы.

    6. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 249 қаулысы.

    7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағының он екінші – жиырма төртінші абзацтары, 3-тармағының төртінші, бесінші абзацтары.

    8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 211 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

    ___________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.