Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қараша 2024 ж.

    Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка ауылының аумағында жер пайдаланушылардан және жер иеленушілерден жер учаскелерін алып қоймай шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ефремовка ауылдық округі әкімінің м.а.

    А. Айтымова

    Ефремовка ауылдық округі

    әкімінің 2024 жылғы

    «13» қарашадағы

    № 1-03-02 шешіміне

    қосымша

    № р/н
    Пайдаланушы
    Ауданы, гектар
    Нысаналы мақсаты
    Пайдалану мерзімі (жыл)
    Жер учаскесінің орналасқан жері
    1
    «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы
    0,15
    Кабелді кәрізді орналастыру және қызмет көрсету үшін
    10 жыл
    Ефремовка ауылы, Ефремовка ауылдық округі, Павлодар ауданы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.