Абай ауданының елді мекендегі салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің « Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы » бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17847 болып тіркелген) сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданының елді мекендегі салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 15 «Абай ауданының елді - мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэфициентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-5-165 болып тіркелген) күші жойылсын.
3. «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Абай облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Абай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналасуын қамтамассыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жанғалиевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі
М. Смагулов
Абай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 11 қарашадағы
№ 190 қаулысына
қосымша
Абай ауданының елді мекендегі салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
|
№
|
Ауылдық округ
|
Елді мекен
|
Аймаққа бөлу коэффициенті
|
|
1
|
Қарауыл ауылдық округі
|
Қарауыл ауылы
|
1,37
|
|
2
|
Құндызды ауылдық округі
|
Жүрекадыр ауылы
|
1,05
|
|
3
|
Медеу ауылдық округі
|
Медеу ауылы
|
1,15
|
|
4
|
Тоқтымыс ауылдық округі
|
Тоқтамыс ауылы
|
0,95
|
|
5
|
Архат ауылдық округі
|
Архат ауылы
|
0,95
|
|
Орда елді мекені
|
1,05
|
||
|
6
|
Кеңгірбай би ауылдық округі
|
Кеңгірбай би ауылы
|
1,25
|
|
7
|
Саржал ауылдық округі
|
Саржал ауылы
|
0,95
|
|
8
|
Қасқабұлақ ауылдық округі
|
Қасқабұлақ ауылы
|
0,95
|
|
Бөрілі елді мекені
|
0,95
|
||
|
9
|
Көкбай ауылдық округі
|
Көкбай ауылы
|
1,25
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.