«Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қараша 2024 ж.

    «Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 186 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3798 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы

    М. Тасмағанбетов

    Солтүстік Қазақстан

    облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «8» қарашадағы

    № 371 қаулысына

    қосымша

    Солтүстік Қазақстан

    облысы әкімдігінің

    2016 жылғы 27 мамырдағы

    № 186 қаулысына

    қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары

    Рет№
    Ел­ді ме­кен­нің ата­уы
    Жы­лу­мен жаб­дық­тау ұй­ы­мы­ның ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Жы­лу энер­ги­я­сын тұ­ты­ну нор­ма­сы
    1
    Ай­ыр­тау ауда­ны Са­у­мал­көл ауы­лы
    «Са­у­мал­көл жы­лу» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,03
    (нөл бү­тін жүз­ден үш)
    2
    Ақ­жар ауда­ны
    Тал­шық ауы­лы
    «Са­п­ро-Нат» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,034
    (нөл бү­тін мың­нан отыз төрт)
    3
    Ақ­қай­ың ауда­ны Смир­нов ауы­лы
    «Са­п­ро-Нат» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,034
    (нөл бү­тін мың­нан отыз төрт)
    4
    Есіл ауда­ны Яв­лен­ка ауы­лы
    «Есиль Теп­ло­ре­сурс» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,049
    (нөл бү­тін мың­нан қы­рық то­ғыз)
    5
    Жам­был ауда­ны Бла­го­ве­щен­ка ауы­лы Дач­ная кө­ше­сі, 7А үй
    «Са­п­ро-Нат» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,027
    (нөл бү­тін мың­нан жиыр­ма же­ті)
    6
    Жам­был ауда­ны Прес­нов­ка ауы­лы
    «Да­ния 2014» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,03
    (нөл бү­тін жүз­ден үш)
    7
    Мағ­жан Жұ­ма­ба­ев ауда­ны Бу­ла­ев мұ­най ай­дай­тын стан­ция кен­ті
    «Бу­ла­ев су» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,046
    (нөл бү­тін мың­нан қы­рық ал­ты)
    8
    Қы­зы­л­жар ауда­ны Пе­тер­фельд ауы­лы
    «Қы­зы­л­жар-ЖКХ» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,042
    (нөл бү­тін мың­нан қы­рық екі)
    9
    Мам­лют ауда­ны Мам­лют­ка қа­ла­сы
    «Ал­тын Сол­тү­стік» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,034
    (нөл бү­тін мың­нан отыз төрт)
    10
    Ға­бит Мү­сі­ре­пов атын­да­ғы аудан Нежин­ка ауы­лы
    «Нежин­ка-Ер­ке» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,025
    (нөл бү­тін мың­нан жиыр­ма бес)
    11
    Ға­бит Мү­сі­ре­пов атын­да­ғы аудан Но­во­и­шим­ское ауы­лы
    «Теп­ло­сер­вис-2030» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,0374
    (нөл бү­тін он мың­нан үш жүз жет­піс төрт)
    12
    Ға­бит Мү­сі­ре­пов атын­да­ғы аудан Но­во­и­шим­ское ауы­лы
    Же­ке кә­сіп­кер «Ер­тай-К»
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,0374
    (нөл бү­тін он мың­нан үш жүз жет­піс төрт)
    13
    Тай­ын­ша ауда­ны Тай­ын­ша қа­ла­сы
    «Тай­ын­ша Жы­лу­Сер­вис» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,043
    (нөл бү­тін мың­нан қы­рық үш)
    14
    Тай­ын­ша ауда­ны Тай­ын­ша қа­ла­сы
    «Тай­ын­ша Ком­мун­Сер­вис» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,043
    (нөл бү­тін мың­нан қы­рық үш)
    15
    Уә­ли­ха­нов ауда­ны Кіш­ке­не­көл ауы­лы
    «Қы­зы­л­ту су ар­на­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,024
    (нөл бү­тін мың­нан жиыр­ма төрт)
    16
    Шал ақы­на ауда­ны
    Сер­ге­ев қа­ла­сы
    «Сер­ге­ев­ка 2050»
    жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Ги­га­ка­ло­рия ай­ы­на 1 (бір) шар­шы метр­ге
    0,065
    (нөл бү­тін мың­нан ал­пыс бес)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.