2001 жылғы Атырау облысының су тоғандарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19-1 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңын орындауда және Атырау облысының су тоғандарында азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қала және аудандар әкімдері:
1) суға шомылатын маусым кезінде облыстың барлық су тоғандарын есепке алсын;
2) демалыс аумақтары мен базалары және басқа да су объектілері бар барлық меншік түрiндегі кәсіпорындар мен мекемелер басшыларына құтқару бекеттерін ұйымдастыруға міндеттесін;
3) өзен жағалау алқабын көркейту және су тоғандарының түбін тазалау жұмыстарын жүргізсін.
2. Облыстық судан құтқару қызметі (Б.Қойшыбаев):
1) жазғы маусымдағы құтқару стансалар қызметкерлерінің құрамы мен іздестіру топтарын іріктеп жинақтау жөнінде шаралар қабылдансын;
2) меншік түріне және ведомстволық бағынысына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардағы барлық қолданыстағы жүзу құралдарын және сүңгуірлер санын есепке алсын;
3) облыс су тоғандарына төтенше жағдайларын саөтандыру жөніндегі алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырсын.
3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Рахымжанов Т.):
Солтүстік-Каспий аймақтық биоресурстар қорғау жөніндегі басқармасымен (Ақботин А.) бірлесе сәтсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында суға шомылу кезінде облыс су тоғандарында, оның ішінде Каспий теңізінің жағалауында күзетуді күшейтсін.
4. Облыстық санэпидстансасы (Жарылғасова Ж.) су тоғандарының жағалау алқаптарының санитарлық бақылау жөніндегі шаралар қабылдансын.
5. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсін.
Облыс әкімі
С.Дәукеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.