Саран қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қараша 2024 ж.

    Саран қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Саран қаласы әкімдігінің:

    1) «Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 83/06 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6548-09 болып тіркелген);

    2) «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 19 қазандағы № 73/02 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24936 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы

    М. Кайрешов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.