Аққулы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1-03/209 «Аққулы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қараша 2024 ж.

    Аққулы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1-03/209 «Аққулы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аққулы ауданы әкімдігінің «Аққулы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2021 жылғы 28 маусымдағы № 1-03/209 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23321 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі кіріспе өзгеріссіз:

    ««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 529 - бабының 6 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 - бабына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары Д.Ж.Молдагельдиновке жүктелсін.

    3. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аққулы ауданының әкімі

    Р. Муканов

    Аққулы ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы 6 қарашадағы

    № 1-03/229 қаулысына

    қосымша

    Аққулы ауданы әкімдігінің

    2021 жылғы «28» маусымдағы

    № 1-03/209 қаулысымен

    бекітілген

    Аққулы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

    Р/с №
    Салық салу объектісінің орналасуы
    Аймаққа бөлу коэффициенті
    Аққулы ауылдық округі
    1
    Аққулы ауылы
    2,10
    Баймолдин ауылдық округі
    2
    Әбілқайыр Баймолдин атындағы ауылы
    1,95
    3
    Тақыр ауылы
    1,85
    Жамбыл ауылдық округі
    4
    Әйтей ауылы
    1,85
    5
    Жамбыл ауылы
    1,95
    6
    Жаңатан ауылы
    1,85
    Қарақала ауылдық округі
    7
    Қарақала ауылы
    1,95
    8
    Шабар ауылы
    1,85
    9
    Шәмші ауылы
    1,85
    Қызылағаш ауылдық округі
    10
    Бесқарағай ауылы
    1,95
    Майқарағай ауылдық округі
    11
    Майқарағай ауылы
    1,85
    12
    Мерғалым ауылы
    1,85
    Малыбай ауылдық округі
    13
    Қазантай ауылы
    1,85
    14
    Қазы ауылы
    1,85
    15
    Малыбай ауылы
    1,95
    Шақа ауылдық округі
    16
    Шақа ауылы
    1,95
    17
    Шоқтал ауылы
    1,85
    Шарбақты ауылдық округі
    18
    Жабағылы ауылы
    1,80
    19
    Төсағаш ауылы
    1,85
    20
    Шарбақты ауылы
    1,85
    Ямышев ауылдық округі
    21
    Қызылқоғам ауылы
    1,95
    22
    Тлектес ауылы
    1,85
    23
    Ямышев ауылы
    1,95

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.