«Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 34/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қараша 2024 ж.

    «Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 34/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ақтоғай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 34/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28498 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақтоғай ауданының әкімі

    А. Аманжолов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.