Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 346 «Қарқаралы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарқаралы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 346 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 30683 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі
Ә. Арғынов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.