«Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қараша 2024 ж.

    «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7006 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта:

    4-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «14) аспаптар бойынша ұшып келудің стандартты бағыты (STAR ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура (бұдан әрі – STAR)) – негізгі нүктені, әдетте ӘҚҚ маршрутында аспаптар бойынша қонуға кірудің жарияланған схемасы бойынша ұшу басталуы мүмкін нүктемен байланыстыратын АҰҚ бойынша белгіленген келу бағыты;»;

    17-5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) жоспардан тыс:

    авиациялық оқиғалар кезінде (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15597 болып тіркелген) Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларының талаптарына сәйкес);

    «А» литерлі рейсін қамтамасыз ету кезінде;

    әуе қозғалысы кезіндегі инцидент туралы әуе кемесінің экипажынан есеп беру түскен кезде.»;

    17-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «17-14. Аэронавигациялық ұйым ӘҚҚ органын (ӘҚҚ қызметін) ӘҚҚ мақсатында қолданылатын жабдықтар мен (немесе) жүйелерді пайдаланушылардың нұсқаулықтарымен, ӘҚҚ органында (ӘҚҚ қызметінде) аэронавигациялық ақпарат құжаттарымен (аэронавигациялық ақпарат жинақтарымен) қамтамасыз етіп, өзгерістерін қадағалауына және ӘҚҚ персоналына таныстырылуына жауапты лауазымды тұлғаны тағайындайды.»;

    17-21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «17-21. ӘҚҚ органында (ӘҚҚ қызметінде) әуе қозғалысына қызмет көрсету тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс жоспарлары (жылдық), сондай-ақ ӘҚҚ және ұшуды жоспарлау жөніндегі мамандардың даярлығын ұйымдастыру мен кәсіби деңгейін қолдау «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 8785 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасына сәйкес әзірленген ӘҚҚ персоналын техникалық оқыту жоспарлары жүргізіледі.»;

    17-43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «17-43. Жұмыс орнында (диспетчерлік пунктте) әуе қозғалысына қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын ӘҚҚ маманына 2 сағат бойы үздіксіз жұмыс істегеннен кейін ұзақтығы кемінде 15 минут регламенттелген үзіліс беріледі.»;

    30-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Тораптық диспетчерлік аудандардың және диспетчерлік аймақтардың, TMZ және RMZ шекараларын аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші әзірлейді және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.»;

    51-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) ӘҚБ тиісті органдары және әуе шабуылына қарсы қорғаныс органдары;»;

    52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «52. 46-тармақтың 2) тармақшасының талаптарын орындау үшін жақындау диспетчерлік пункті мен әуеайлақтық диспетчерлік пункті олардың тиісті жауапкершілік аудандарының шегінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мынадай органдармен байланысу құралдарымен қамтамасыз етіледі:

    1) тиісті әскери ӘҚБ органдары (келісу бойынша);

    2) апаттық-құтқару қызметтері;

    3) тиісті орган қызмет көрсететін метеорологиялық орган;

    4) тиісті орган қызмет көрсететін авиациялық электрлік байланыс станциялары;

    5) ол жеке құрылған жағдайда, перрондағы қызметті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін (әуеайлақтың өндірістік-диспетчерлік қызмет) орган.»;

    14-тараудың 9-2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «9-2-параграф. Негізгі қозғалыс туралы ақпарат»;

    193-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «193-1. Негізгі қозғалыс туралы ақпарат осы Нұсқаулықтың 14-тарауының 9-2-параграфына сәйкес беріледі.»;

    211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «211. ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесімен көзбен шолып байланыс орнату туралы артта қалған әуе кемесі экипажының баяндамасына дейін бірінен соң бірі келе жатқан әуе кемелері арасындағы АҰҚ бойынша ұшулар үшін белгіленген эшелондау аралықтарын қамтамасыз етеді. Осындай баяндамадан кейін артта келе жатқан әуе кемесіне қонуға кіруді жалғастыруға және алда тұрған әуе кемесіне қатысты эшелондауды өз бетінше ұстап тұруға нұсқау беріледі.»;

    309-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) алда ұшып көтерілген ӘК пайдаланылатын ҰҚЖ-ның соңын кесіп өтсе немесе кері бұруды (кері бұруды) орындауға кіріссе;»;

    380-тармақ алып тасталсын;

    458-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «458. ӘҚҚ қызметі берілген барлық STCA бойынша 120 күн бойы электронды жазбалардың сақталуын қамтамасыз етеді.»;

    466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «466. Бақылаудағы ұшуларға қатысты MSAW берілген жағдайда мынадай әрекеттер жасалады:

    1) егер әуе кемесі векторлаумен қамтамасыз етілген болса, әуе кемесінің экипажына ұшудың белгіленген қауіпсіз эшелонына (биіктігіне) дереу ауысу туралы тапсырма беріледі, қажет болған жағдайда жермен соқтығысуды болғызбау үшін жаңа бағыт тағайындалады.

    2) басқа жағдайларда ӘҚҚ органының диспетчері әуе кемесінің экипажын MSAW биіктікке қатысты ескерту алынғаны туралы хабарландырады және әуе кемесінің биіктік өлшегішіндегі қысым мен белгіленген ұшу эшелонының (биіктігінің) дұрыстығын тексеру туралы тапсырма береді.»;

    1-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі

    М. Карабаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрінің

    2024 жылғы 8 қарашадағы

    № 368

    бұйрығына қосымша

    Әуе қозғалысын ұйымдастыру

    және қызмет көрсету

    жөніндегі нұсқаулыққа

    1-1-қосымша

    ӘҚҚ органдарының (әуеайлақтық диспетчерлік орталықтың диспетчерлік пункттері (әуеайлақ/тікұшақ айлағы ауданының диспетчерлік пункттері), аудандық диспетчерлік орталықтың (аудандық диспетчерлік пункттер), ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органдарының жұмыс орындары жабдықтарының бақылау тізбесі

    Жаб­дық­тың тү­рі
    ДП Бри­финг
    РДП
    БДП
    МДП
    ШДП
    ТДП
    ЖДП (ҰАО)
    АДП
    Ұт­қыр (жы­л­жы­ма­лы) МДП
    (Те­ң­із­де­гі ста­ци­о­нар­лық ті­кұ­шақ ай­ла­ғын­да) МДП
    1
    Дис­пет­чер пуль­ті
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    2
    Негіз­гі және ре­зерв­тік ра­дио­стан­ци­я­лар­ды бас­қа­ру ор­ган­да­ры
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +6
    +
    3
    Ава­ри­я­лық ар­на ра­дио­стан­ци­я­сын бас­қа­ру ор­ган­да­ры
    -
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    4
    Әуе жағ­дай­ы­ның ин­ди­ка­то­ры
    -
    -
    -
    +4
    +4
    +4
    +1
    +
    +1
    +1
    5
    ҰАШ РЛС (ЖҚБ АЖ) ақ­па­ра­тын бей­не­леу ап­па­ра­ту­ра­сы)
    -
    +2
    +2
    +2
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    6
    АРП ин­ди­ка­то­ры неме­се пе­лен­га­ци­я­лық ақ­па­рат­ты әуе жағ­дай­ын бей­не­леу ап­па­ра­ту­ра­сын­да көр­се­ту
    -
    -
    -
    +1
    +
    +
    +1
    +1
    +1
    +1
    7
    Әу­е­ай­ла­қі­ші­лік бай­ла­ныс ра­дио­стан­ци­я­ла­рын бас­қа­ру ор­га­ны
    -
    +
    +
    +
    -
    -
    -
    -
    +
    +
    8
    Да­уыс зо­райт­қыш және/неме­се те­ле­фон бай­ла­ны­сы­ның ап­па­ра­ту­ра­сы
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +1
    +
    9
    Жаб­дық болған кез­де ко­ман­да­лар­ды бе­ру ка­на­лын АЖРМ (ЖРС неме­се VOR) ар­қы­лы бас­қа­ру ор­ган­да­ры
    -
    -
    -
    +
    +1
    +1
    -
    -
    -
    +
    10
    Жа­рық-сиг­нал­дық жаб­дық­ты қа­шық­тық­тан бас­қа­ру ап­па­ра­ту­ра­сы
    Ұшып кө­те­рі­лу мен қо­ну­дың жа­рық-сиг­нал­дық құ­рал­да­рын бас­қа­ру ор­ган­да­ры
    -
    -
    -
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    ҰҚЖ-дан шы­ғу­дың және ҰҚЖ-ға шы­ғу­дың жа­рық-сиг­нал­дық құ­рал­да­рын бас­қа­ру ор­ган­да­ры
    -
    -
    +2
    +2
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    Әу­е­ай­лақ бой­ын­ша руль­де­удің жа­рық-сиг­нал­дық құ­рал­да­рын бас­қа­ру ор­ган­да­ры
    -
    +3
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    11
    Қо­ну жүй­е­ле­рі­нің жай-күйі ту­ра­лы ав­то­мат­ты даб­ыл
    Ды­быс және жа­рық
    РМЖ (ILS, DME, VOR, МРМ)
    -
    -
    -
    +
    +1
    -
    -
    -
    -
    -
    ҚЖЖ (NDB)
    -
    -
    -
    +
    +1
    -
    -
    -
    -
    -
    ЖСЖЖ ұшу және қо­ну
    -
    -
    -
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    +1
    Жа­рық
    ЖСЖЖ ҰҚЖ-дан шы­ғу және ҰҚЖ-ға шы­ғу
    -
    -
    +
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    ЖСЖЖ әу­е­ай­лақ бой­ын­ша руль­деу
    -
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    12
    Жа­рық сиг­на­ли­за­ци­я­сын бас­қа­ру пуль­ті және «ҰҚЖ бос емес» ин­ди­ка­то­ры неме­се «ҰҚЖ бос емес» кө­рі­ні­сі әуе жағ­дай­ын бей­не­леу ап­па­ра­ту­ра­сын­да
    -
    -
    +
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    13
    Жаб­дық болған жағ­дай­да, ЖЖРС жабды­ғы­ның жай-күй­і­нің ды­быст­ық және жа­рық­тық сиг­на­ли­за­ци­я­сы
    -
    -
    -
    +1
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    14
    Ме­тео­ақ­па­рат­ты көр­се­ту құ­рал­да­ры
    +1
    +1
    +5
    +5
    +5
    +5
    +1
    +1
    -
    +
    15
    Са­ғат
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +
    +1
    +
    16
    AFTN же­лі­ге кі­ру нүк­те­сі
    +
    +1
    +1
    +
    +1
    +1
    +
    +
    +
    +1
    ҰАО ор­га­ны (AFIS)
    Ар­найы мақ­сат­та­ғы ав­то­мо­биль
    +1
    -
    +
    +6
    +
    +
    +1
    -
    -
    -
    +1
    -
    +
    +
    +
    +
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    -
    +
    +
    +1
    +1
    1. Ұсынылатын жабдық;
    2. III санат бойынша қонуға дәлме-дәл кіретін ҰҚЖ бар әуеайлақтарда орнатылады;
    3. Басқарылатын рульдеу құралдары болмаған кезде бүйірлік рульдеу оттарын және басқарылмайтын жарық көрсеткіштерін қону және ұшып көтерілу оттарының тобымен бірге басқаруға жол беріледі;
    4. Жабдық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15364 болып тіркелген) бекітілген «Әуе қозғалысына қызмет көрсету қажеттілігін бағалау әдістемесіне» сәйкес қаралып отырған диспетчерлік пункттердің пайдалану қызметі барысында ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау нәтижелеріне сүйене отырып, тұрақты негізде (жылына кемінде бір рет) жүргізілетін және аэронавигациялық ұйымның басшысы бекітетін;
    5. ӘҚҚ диспетчерлік пункттерін бір үй-жайда (залда) орналастыру кезінде диспетчердің тиісті жұмыс орнынан метеоақпаратты оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету кезінде осы диспетчерлік пункттер үшін бірыңғай метеоақпаратты көрсету құралдарын орнатуға жол беріледі;
    6. Резервтік радиостанцияларды басқару органдары талап етілмейді.
    Ескертпе:
    1. Ұтқыр (жылжымалы) МДП – уақытша алаңдарда және авариялық жағдайларда жедел өрістету үшін арнайы орындалған МДП.
    2. Арнайы мақсаттағы автомобиль – іздестіру-құтқару жұмыстары мақсатында және ӨЖЖ радиобайланыс құралдарын жедел өрістету қажет болған кезде басқа жағдайларда пайдаланылатын автомобиль.
    3. Бір диспетчер бірнеше функцияларды орындауды біріктірген кезде жабдық осы тізбеге сәйкес бір жұмыс орнында шоғырланады.
    4. МДП (теңіздегі стационарлық тікұшақ айлағында) – теңіз қондырғысының стационарлық тікұшақ айлағында немесе құрылыстағы немесе теңіздегі жасанды аралдың бетіндегі орналасқан МДП.
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ӘҚҚ – әуе қозғалысына қызмет көрсету;
    ДП – диспетчерлік пункт;
    РДП – рульдеу диспетчерлік пункті;
    СДП – старттық диспетчерлік пункт;
    МДП – мұнара диспетчерлік пункті;
    ШДП – шеңбер диспетчерлік пункті;
    ЖДП – жақындау диспетчерлік пункті;
    ЖДП – жергілікті диспетчерлік пункт;
    ҰАО – ұшу ақпаратының орталығы;
    АДП – аудандық диспетчерлік пункт;
    ҰАШ РЛС – ұшу алаңын шолудың радиолокациялық станциясы;
    ЖҚБ АЖ – жерүсті қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
    АРП – автоматты радиопеленгатор;
    АЖРМ – алыс жетекті радиомаяк;
    ЖРС – жетекті радиостанция;
    VOR – барлық бағыттағы ӨЖЖ радиомаягі;
    ҰҚЖ – ұшу-қону жолағы;
    РМЖ – радиомаяк жүйесі;
    ILS – аспаптар бойынша қону жүйесі;
    DME – қашықтық өлшеу жабдығы;
    МРМ – маркерлік ӨЖЖ радиомаягі;
    ҚЖЖ – қону жүйесінің жабдықтары;
    NDB – бағытталмаған радиомаяк;
    ЖСЖЖ – жарық-сигналдық жабдықтар жүйесі;
    ЖЖРС – жеке жетек радиостанциясы;
    AFTN – авиациялық бекітілген электр байланысының желісі;
    AFIS – әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету;
    ӨЖЖ – өте жоғары жиіліктер.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.