«Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 428 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қараша 2024 ж.

    «Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 428 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 428 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32951 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарда:

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Туу туралы куәлік бланкісінде реттік нөмірі болады.».

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    А. Ескараев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.