Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Қопа ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 04 қарашадағы № 01-12/470 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруынан сауықтыру және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралары толығымен аяқталуына байланысты Абай облысы Аягөз ауданы Қопа ауылдық округіне қарасты «Бірлік» ш/қ белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қопа ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №1 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қопа ауылдық округі әкімі
Н. Жетибаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.