Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 13/87-VII «Абай облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 қараша 2024 ж.

    Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 13/87-VII «Абай облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Абай облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 13/87-VII шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімімен бекітілген Абай облысы бойынша жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларының:

    2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай облысы мәслихатының төрағасы

    К. Сулейменов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.