Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 қазан 2024 ж.

    Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдарына, «Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15509 болып тіркелген) сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    Д. Рыспеков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Туризм және спорт министрлігі

    2024 жылғы 30

    қазандағы

    № 75/01

    қаулысына қосымша

    Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

    Топ­тар ата­уы
    Олим­пи­а­да­лық емес спорт түр­ле­рі­нің ата­уы
    Жаз­ғы олим­пи­а­да­лық спорт тү­рі­нің ата­уы
    Қы­сқы олим­пи­а­да­лық спорт тү­рі­нің ата­уы
    Па­ра­лим­пи­а­да­лық спорт тү­рі­нің ата­уы
    Ұлт­тық спорт тү­рі­нің ата­уы
    «А» тобы
    1
    Киокушинкай – кан каратэ
    Дзюдо
    Қазақ күресі
    2
    Белбеу күрес
    Жеңіл атлетика
    3
    Каратэ – До Кекушинкай
    Байдарка мен каноэда есу
    4
    Пауэрлифтинг
    Бокс
    «В» тобы
    1
    Спорттық самбо және жауынгерлік самбо
    Жүзу
    Шайбалы хоккей
    Тоғызқұмалақ
    2
    Қоян – қолтық ұрыс
    Баскетбол
    Конькимен мәнерлеп сырғанау
    3
    Грек – рим күресі
    «С» тобы
    1
    Би спорты
    Брейкинг
    Жамбы ату
    2
    Шахмат
    Еркін күрес
    Аударыспақ
    3
    Черлидинг
    Үстел теннисі
    Дәстүрлі садақ ату
    4
    Грэпплинг (AIGA нұсқасы)
    Таеквандо WTF
    Көкпар
    5
    Шинкиокушинкай каратэ
    Қазіргі бессайыс
    6
    Джиу – джитсу
    Садақ ату
    7
    Комбат дзю – дзюцу
    Футбол
    Аббревиатураның түсіндірмесі:
    AIGA – Аматэур Интернейшнал Греплинг Ассосейшн (Amateur International Grappling Association);
    WTF – Уолд таеквондо федерейшн (World taekwondo Federation).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.