«Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 51 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қаңтар 2016 ж.

    «Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 51 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, « Халықты жұмыспен қамту туралы » Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4654 болып тіркелген, 2015 жылдың 6 наурызда «Зерен» және «Зерделі Зеренді» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Аудан әкімі

    А. Мұратұлы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.