Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қараша 2024 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 15 жыл мерзімге КТТМ-335 Тимирязев-Докучаев автомобиль жолына қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 17,2991 га жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Е. Жаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.