Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 15 жыл мерзімге КТТМ-334 Тимирязев-Целинный автомобиль жолына қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 21,7985 га жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Е. Жаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.