«Технологияларды «жасыл» технологиялар деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 576 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Технологияларды «жасыл» технологиялар деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 576 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Технологияларды «жасыл» технологиялар деп тану қағидаларына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына қосымша
Технологияларды «жасыл»
технологиялар ретінде
тану қағидаларына
қосымша
Нысан
Технологияны «жасыл» технология ретінде тану туралы өтініш
|
|
Кімге:_______________________________
(уәкілетті органның атауы)
Кімнен: _____________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) / (өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы__________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше,
үй №, телефон, e-mail)
Өтініш берушінің деректемелері ____________________________________
(БСН, ЖСН)
|
_______________________________________________________________ (технологияның атауы) технологиясын «жасыл» технология ретінде тану туралы ұсынылған өтінішті қарауды сұраймын. Технология туралы ақпарат: Технологияның сипаттамасы ______________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (технологияның атауы (бірегей атауын, модель нөмірін (бар болса), саудалық атауын, шартты белгіні немесе қазіргі нұсқасы туралы ақпаратты қоса алғанда)
Технологияның қолданылу аясы: __________________________________ Технологияның мақсаты: _________________________________________ Репрезентативтік көрсеткішті қоса алғанда, технологияның «жасыл» технология өлшемшарттарына болжамды сәйкестігі:_______________________ Пайдаланылуы болжанатын материалдар/шикізат типі (типтері) (су, сүрек, қалдықтар, көмір, газ және т.б.): _________________________________________ Өлшенетін сандық және сапалық көрсеткіштер/технологияның қасиеттері және оларға қалай қол жеткізіледі: _______________________________________ Технологияның жұмыс істеу қағидаты: ______________________________ Технологияны ендіруден болатын әлеуетті экологиялық әсер (сапалық және (немесе) сандық): ________________________________________________ Технологияға және оны пайдалануға қатысты заңнамалық талаптар немесе нормативтер: _________________________________________________________ Технологияның «жасыл» технологиялар бойынша басқа халықаралық, мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттарға сәйкестігі: ___________________________________________________________________ (егер сәйкес болса, стандарттар көрсетілсін) Технологияны пайдалану және өрістету шарттары мен оған қойылатын талаптардың сипаттамасы:______________________________________________ Техникалық және сервистік қызмет көрсетуге және жөндеуге қойылатын талаптар:____________________________________________________________ Технологияның болжамды қызмет ету мерзімі:_____________________________________________________________ Қауіпсіздік және денсаулық сақтау бойынша талаптар (бар болса)_______________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса) / Заңды тұлға басшысының Т.А.Ә. (бар болса) қолы
____________________________________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.