«Ақмола облысы Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қараша 2024 ж.

    «Ақмола облысы Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің «Ақмола облысы Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2022 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26645 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    ««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақкөл ауданының әкімі

    Б.Абдрахманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.