Шахтинск қаласының Долинка кентіндегі жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс желісінің талшықты-оптикалық кабелін салу және пайдалану үшін, Шахтинск қаласы Долинка кентінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,3408 га жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласы әкімінің міндетін атқарушы
М. Куспеков
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2024 жылы 31 қазандағы №47/03
қаулысына қосымша
Шахтинск қаласының Долинка кентінде байланыс желісінің талшықты-оптикалық кабелін салу үшін схемасы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.