«Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 90 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 16 қазандағы
№ ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына
2-қосымша
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі
|
№
|
Жоғары технологиялық медициналық көмек коды
|
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрінің атауы
|
|
Шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері
|
||
|
1
|
00.50
|
Бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды жалпы жүйенің дефибрилляторын жанаспай импланттау (CRT-P)
|
|
2
|
39.65
|
Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
|
|
3
|
35.84
|
Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
|
|
4
|
35.23
|
Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантаттаушымен ашық және басқаша ауыстыру
|
|
5
|
35.21
|
Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаушымен ашық және басқаша ауыстыру
|
|
6
|
35.82
|
Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
|
|
7
|
37.94
|
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау
|
|
8
|
37.66
|
Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
|
|
9
|
35.33
|
Аннулопластика
|
|
10
|
81.042
|
Эндотүзеткіштерді ішкі бекітумен кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі,алдыңғы жету әдісі
|
|
11
|
39.72
|
Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
|
|
12
|
00.65
|
Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау
|
|
13
|
02.93
|
Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
|
|
14
|
03.7992
|
Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
|
|
15
|
03.7993
|
Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
|
|
16
|
81.073
|
Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
|
|
17
|
81.062
|
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
|
|
18
|
81.041
|
Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
|
|
19
|
81.53
|
Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
|
|
20
|
81.55
|
Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
|
|
21
|
50.52
|
Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бауырды транспланттау
|
|
22
|
55.62
|
Қайтыс болған донордан бүйректі транспланттау
|
|
23
|
50.59
|
Бауырды басқа транспланттау
|
|
24
|
86.66
|
Терінің аллотранспланттау
|
|
25
|
52.53
|
Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
|
|
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері
|
||
|
1
|
92.291
|
Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы
|
|
2
|
92.321
|
Гамма-пышақ аппаратын қолдана отырып, орталық нерв жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісі
|
|
3
|
92.201
|
Қуықасты безі обырының жоғары дозалы брахитерапиясы
|
|
4
|
92.202
|
Қуықасты безінде орналасқан обырдың интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)
|
|
5
|
92.247
|
Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия
|
|
6
|
92.203
|
Әйелдің жыныс жолдарының обыры кезіндегі жоғары дозалы брахитерапия
|
|
7
|
54.970.059
|
Гипертермиялық интраперитонеалды химиотерапия (HIPEC)
|
|
8
|
86.310.058
|
Электрохимиотерапия
|
|
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері
|
||
|
1
|
00.50
|
Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды имплантаттау (CRT-P)
|
|
2
|
00.51
|
Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын имплантаттау (CRT-D)
|
|
3
|
00.65
|
Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
|
|
4
|
00.93
|
Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу
|
|
5
|
01.53
|
Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы
|
|
6
|
02.93
|
Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
|
|
7
|
03.7992
|
Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
|
|
8
|
03.7993
|
Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
|
|
9
|
03.93
|
Жұлын нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
|
|
10
|
20.95
|
Электромагниттік есту аппаратын импланттау
|
|
11
|
33.5
|
Өкпені транспланттау
|
|
12
|
33.6
|
«Жүрек – өкпе» кешенін аралас транспланттау
|
|
13
|
35.05
|
Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру
|
|
14
|
35.11
|
Ауыстырмай қолқа қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
|
|
15
|
35.12
|
Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
|
|
16
|
35.121
|
Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы
|
|
17
|
35.14
|
Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
|
|
18
|
35.21
|
Қолқа қақпақшасын тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру
|
|
19
|
35.23
|
Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқа ауыстыру
|
|
20
|
35.33
|
Аннулопластика
|
|
21
|
35.55
|
Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою
|
|
22
|
35.82
|
Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
|
|
23
|
35.83
|
Артериялық діңді толық қалпына келтіру
|
|
24
|
35.84
|
Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
|
|
25
|
35.91
|
Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы
|
|
26
|
35.9900
|
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу
|
|
27
|
35.991
|
Митралдық тесікті клиптеу
|
|
28
|
36.1000
|
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау
|
|
29
|
36.16
|
Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау
|
|
30
|
37.32
|
Жүрек аневризмасын тілу
|
|
31
|
37.35
|
Парциалдық вентрикулоэктомия
|
|
32
|
37.36
|
Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау
|
|
33
|
37.51
|
Жүректі транспланттау
|
|
34
|
37.66
|
Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
|
|
35
|
37.76
|
Трансвеналық атриялық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру
|
|
36
|
37.94
|
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
|
|
37
|
37.941
|
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру
|
|
38
|
37.96
|
Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана импланттау
|
|
39
|
38.12
|
Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы
|
|
40
|
38.34
|
Анастомозбен қолқаның резекциясы
|
|
41
|
38.341
|
Қолқа доғасының үзігін түзету
|
|
42
|
39.28
|
Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау
|
|
43
|
39.591
|
Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы
|
|
44
|
39.65
|
Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
|
|
45
|
39.72
|
Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
|
|
46
|
39.73
|
Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантанттау
|
|
47
|
39.731
|
Қолқаның коарктациясын стенттеу
|
|
48
|
41.01
|
Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау
|
|
49
|
41.04
|
Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз транспланттау
|
|
50
|
41.05
|
Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз транспланттау
|
|
51
|
41.06
|
Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау
|
|
52
|
41.10
|
Феталдық бағаналық жасушаларды транспланттау
|
|
53
|
50.52
|
Өлімнен кейінгі донордан бауырды транспланттау
|
|
54
|
50.59
|
Бауырды басқа транспланттау
|
|
55
|
52.53
|
Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
|
|
56
|
52.80
|
Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған
|
|
57
|
55.5016
|
Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия
|
|
58
|
55.62
|
Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бүйректі транспланттау
|
|
59
|
56.7404
|
Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия
|
|
60
|
63.8301
|
Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия
|
|
61
|
69.921
|
Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама
|
|
62
|
69.922
|
Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
|
|
63
|
69.923
|
АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама
|
|
64
|
69.924
|
АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
|
|
65
|
78.191
|
Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану
|
|
66
|
81.041
|
Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
|
|
67
|
81.042
|
Эндокорректор бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
|
|
68
|
81.062
|
Эндокорректордың ішкі бекітуі арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
|
|
69
|
81.073
|
Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
|
|
70
|
81.53
|
Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
|
|
71
|
81.55
|
Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
|
|
72
|
81.9610
|
Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру
|
|
73
|
86.66
|
Теріні аллотранспланттау
|
|
74
|
99.791
|
Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау
|
|
75
|
92.291
|
Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.