Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қазан 2024 ж.
«Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы» Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы әкімдігінің «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы» 2024 жылғы 29 наурыздағы №100 – ші қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тулакбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Е. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.