Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 1 қараша 2024 ж.
«Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10953 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елеулі маңызды тауарлардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 151 және 152-жолдармен толықтырылсын:
«
|
151.
|
2510100000
|
табиғи кальций фосфаттары, табиғи алюминий-кальций фосфаттары және фосфат боры: ұнтақталмаған
|
|
152.
|
2510200000
|
табиғи кальций фосфаттары, табиғи алюминий-кальций фосфаттары және фосфат боры: ұнтақталған
».
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.