Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 қазан 2024 ж.

    Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

    2. Мыналардың:

    1) «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және «Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26942 болып тіркелген);

    2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 570 бұйрығының 1-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31495 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Мәдениет және ақпарат министрі

    2024 жылғы 31 қазандағы

    № 505-НҚ

    бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы);

    2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Портал);

    3) электрондық цифрлық қолтаңба-электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;

    4) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - www.elicense.kz) – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуге және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкіметтің" құрамдас бөлігі болып табылатын ақпараттық жүйе.

    5) бірыңғай тізілім - осы Қағидалардың 1-қосымшасы нда көзделген мәліметтерді қамтитын, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын есепке қойылған шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының тізбесі.

    2 тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібі

    3. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

    4. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде жүзеге асырылады.

    5. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу осы Қағидалардың 3-тарауы нда көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде есепке қою арқылы жүзеге асырылады.

    6. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою жүзеге асырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын есепке қойылған шетелдік мерзімді баспа басылымдары туралы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізеді.

    7. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын есепке қойылған шетелдік мерзімді баспа басылымдары туралы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізу мерзімі есепке қойылған күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

    8. Қазақстан Республикасында масс-медиа саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz Порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

    10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

    Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу туралы анықтаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы жеке кабинетіне басшының немесе оның орынбасарларының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

    11. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

    3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, масс-медиа саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

    Қазақстан Республикасының

    Мәдениет және ақпарат министрі

    2024 жылғы 31 қазандағы

    № 505-НҚ

    Қазақстан Республикасының

    аумағында таратылатын

    шетелдік мерзімді

    баспасөз басылымдарын

    есепке алу қағидаларына

    1-қосымша

    _______________

    (Қазақстан Республикасының аумағында

    таратылатын шетелдік мерзімді

    басылымдарды есепке алу туралы

    анықтама беретін органның толық атауы)

    Өтініш

    Сізден Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды сұраймын.

    Таратушының деректері:

    _________________________________________________________________ ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып, дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы)

    _________________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), тіркеу құжатының нөмірі және берілген күні)

    _________________________________________________________________ (тіркелген жері, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы)

    Р/с№
    Ше­тел­дік мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­ры ата­у­ла­ры­ның тіз­бе­сі
    Ше­тел­дік мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын та­ра­ту ау­ма­ғы
    Та­ра­ты­ла­тын ше­тел­дік мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­ры ның ті­лі (тіл­де­рі)
    Негіз­гі та­қы­рып тық ба­ғы­ты
    Мер­зім­ді­лі­гі
    Та­ра­тыл атын да­на­лар дың бо­лжам­ды са­ны
    1.
    2.
    Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес пайдалануға келісемін.
    _________ 20 _____ жылғы «__» _____________
    (бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы)
    Мөр орны __________ 20___ жылғы «___» ________
    (бар болса)

    Қазақстан Республикасының

    Мәдениет және ақпарат министрі

    2024 жылғы 31 қазандағы

    № 505-НҚ

    Қазақстан Республикасының

    аумағында таратылатын шетелдік

    мерзімді баспасөз басылымдарын

    есепке алу қағидаларына

    2-қосымша

    «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да та­ра­ты­ла­тын ше­тел­дік мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын есеп­ке алу» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Ақ­па­рат ко­ми­те­ті.
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және нәти­же­лер­ді бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет»: www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz. веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі –10 (он) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (жар­ты­лай ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын ше­тел­дік мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын есеп­ке алу ту­ра­лы анық­та­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ме­кен­жай­ла­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​mam.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың де­ректе­рі ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке сұ­рау са­лу­ды қа­был­дау ту­ра­лы мәр­те­бе көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға пор­тал ар­қы­лы «же­ке ка­би­не­тіне» жі­бе­рі­ле­ді.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​mam.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.