«Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қазан 2024 ж.

    «Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9043-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шығыс Қазақстан облысы әкімі

    Е. Кошербаев

    «Келісілді»

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 23 қазандағы

    № 255 қаулысына

    қосымша

    Шығыс Қазақстан

    облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 14 маусымдағы

    № 140 қаулысына

    қосымша

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

    Суб­си­ди­я­лау түр­ле­рі
    Өл­шем бір­лі­гі
    Суб­си­ди­я­ла­на­тын кө­лем
    Суб­си­дия со­ма­сы, мың тең­ге
    1.
    Ба­лық азық­та­рын са­тып алу шы­ғы­ста­рын өте­у­ге суб­си­ди­я­лар
    1.1
    Ал­бырт тұқым­дас ба­лық­тар мен олар­дың бу­дан­да­ры
    ки­ло­грамм
    1 655 154
    446 891,6
    1.2
    Тұқы тұқым­дас ба­лық­тар мен олар­дың бу­дан­да­ры
    13 295
    1 396,0
    Бар­лы­ғы:
    448 287,6
    2.
    Ба­лық өсі­ру ма­те­ри­а­лын са­тып алу шы­ғы­ста­рын өтеу суб­си­ди­я­ла­ры (ал­бырт, тұқы тұқым­дас ба­лық­тар мен олар­дың бу­дан­да­ры үшін)
    2.1
    Ал­бырт тұқым­дас ұрық­тан­ған 1 (бір) да­на уыл­ды­рық
    да­на
    4 229 650
    21 148,3
    2.2
    Ал­бырт тұқым­дас ша­ба­ғы (10 грамм­ға дей­ін)
    280 000
    7 000,0
    2.3
    Тұқы тұқым­дас ша­ба­ғы (30 грамм­ға дей­ін)
    166 405
    2 496,1
    Бар­лы­ғы:
    30 644,4
    Жиын­тығы:
    478 932

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.