«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) құқықтық актілерге оларда бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелетін немесе әкелуі мүмкiн ережелердің болуы тұрғысынан талдау жүргізу;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) конгломераттардың қызметін талдау және мониторингтеу;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 82-2) тармақшамен толықтырылсын:
«82-2) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастама жасалған экономиканы қолдау, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын ынталандыру үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі қызметін қоспағанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 83-1) тармақшамен толықтырылсын:
«83-1) конгломераттардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
2. Осы Жарлық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. Тоқаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.