Хромтау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 71 «Хромтау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қазан 2024 ж.

    Хромтау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 71 «Хромтау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 71 «Хромтау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8314 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бекітілген Ішкі сауда қағидаларына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Хромтау ауданының әкімі

    Н. Тлеумуратов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.