2024 жылдың төртінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қазан 2024 ж.

    2024 жылдың төртінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылдың төртінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    C. Шәпкенов

    Атырау облысы әкімдігінің

    2024 жылғы «22» қазандағы

    № 230 қаулысына қосымша

    2024 жылдың төртінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

    № п/п
    Тауар атауы
    Бағасы, теңге
    1
    Бірінші сортты бидай ұны, килограмм
    286
    2
    Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм
    288
    3
    Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм
    479
    4
    Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм
    393
    5
    Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм
    723
    6
    Картоп, килограмм
    255
    7
    Асханалық сәбіз, килограмм
    249
    8
    Басты пияз, килограмм
    218
    9
    Ақ қауданды қырыққабат, килограмм
    287
    10
    Ақ қант - құмшекер, килограмм
    592
    11
    Күнбағыс майы, литр
    855
    12
    Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм
    3178
    13
    Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм
    1663
    14
    Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм
    5857
    15
    Тауық жұмыртқасы (I санатты), ондық
    590
    16
    Ас тұзы («Экстра» - дан басқа), килограмм
    141
    17
    Сүзбе: майлылығы 5 – 9%, килограмм
    2611

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.