«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 09/245 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 09/245 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12745 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушы
А. Алтай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.