Қызылорда облыстық мәслихатының ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 473 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7763 болып тіркелген);
2) «Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 473 «Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 119 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы
М. Тлеумбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.