Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 «Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қазан 2024 ж.

    Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 «Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

     Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Семей қаласы әкімдігінің «Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 168-18 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

    осы қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Семей қаласы әкімі

    Н. Нурсагатов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.