2024-2029 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемаларын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қазан 2024 ж.

    2024-2029 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2024-2029 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    К. Оспанов

    Әкімдіктің

    2024 жылғы 28 қазандағы

    № 209 қаулысына

    қосымша

    2024-2029 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары

    Жылдар
    1 қаша
    2 қаша
    3 қаша
    4 қаша
    2024
    көктемгі-жазғы мезгіл
    жазғы мезгіл
    күзгі мезгіл
    бос қаша
    2025
    бос қаша
    көктемгі-жазғы мезгіл
    жазғы мезгіл
    күзгі мезгіл
    2026
    күзгі мезгіл
    бос қаша
    көктемгі мезгіл
    жазғы мезгіл
    2027
    жазғы мезгіл
    күзгі мезгіл
    бос қаша
    көктемгі мезгіл
    2028
    бос қаша
    көктемгі-жазғы мезгіл
    жазғы мезгіл
    күзгі мезгіл
    2029
    көктемгі-жазғы мезгіл
    жазғы мезгіл
    күзгі мезгіл
    бос қаша
    Ескертпе: 1, 2, 3, 4 - бір жылдағы қашаларды қолдану тәртібі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.