Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қазан 2024 ж.

    Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

    Құрманғазы ауданының әкімі

    А. Жангалиев

    Құрманғазы ауданының әкімдігі

    2024 жылғы 22 қазандағы

    № 216 Қаулысына

    қосымша

    Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

    1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 110 «Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2874 болып тіркелген);

    2. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 414 «Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2993 болып тіркелген);

    3. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 271 «Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3224 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.