«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысының басқару сызбасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 14/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 17/3 шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен жұмылдыру даярлығы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау саласындағы функция, өкілеттік және штат бірлігі берілсін.
3. Алып тасталды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2025 № 324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Ғ. Нұрмұхамбетов
Солтүстік Қазақстан
облысы әкiмдiгiнiң
2024 жылғы 21 қазандағы
№ 345 қаулысымен
бекітілді
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.