«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 572 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 қазан 2024 ж.

    «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 572 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 572 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.