Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қазан 2024 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалына Шардара ауданы Жаушықұм массивінен су тартқыш пен сорғы стансиясын реконструкциялау үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (К.Нурманов) жүктелсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ильясовқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Карсыбаев

    Шардара ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы 10 қазандағы

    № 254 қаулысына қосымша

    Жаушықұм массивіне жер асты магистралды су құбыры құрылысы үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері

    Жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі
    қа­уым­дық серви­тут­тың әре­кет ету кө­ле­мі (гек­тар)
    со­ның ішін­де
    ауыл ша­ру­а­шы­лық мақ­са­тын­да­ғы жер­лер
    оның ішін­де
    егі­стік
    оның ішін­де
    көп жыл­дық ек­пе­лер
    ша­бын­дық
    жай­ы­лым
    Өзге жер­лер
    Ор­ман қо­ры же­рі
    су­ар­ма­лы егі­стік
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    1
    Жа­у­шы­құм ауыл­дық окру­гі
    9,97632
    9,97632
    -
    1,42175
    -
    -
    5,87575
    2,67882
    -
    2
    Қ.Тұ­ры­с­бе­ко­ва­уыл­дық окру­гі
    7,98368
    7,98368
    -
    -
    -
    7,98368
    -
    -
    Бар­лы­ғы
    17,96
    17,96
    13,85943
    2,67882

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.