«Sadyq Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қазан 2024 ж.

    «Sadyq Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 54-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Sadyq Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес 2032 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімге меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерді алып қоймай, газ құбырын салу және пайдалану үшін жалпы ауданы 0,06 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.

    2. «Sadyq Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін алты ай мерзімде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып, бұзылған жерлерді рекультивациялау бойынша іс-шаралар жүргізсін.

    3. «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе облысының әкімі

    А. Шахаров

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 21 қазандағы № 296

    қаулысына қосымша

    «Sadyq Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу бойынша жерлердің экспликациясы

    Жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі мен са­на­ты
    Жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­ты (ор­ман қо­ры­ның жер­ле­рі)
    Жал­пы ауда­ны, гек­тар
    Ақтөбе қаласының әкімшілік аумағы
    1
    «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар және та­би­ғат­ты пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Ақ­тө­бе ор­ман және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау ме­ке­ме­сі» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің жер­ле­рі (ка­дастр­лық нө­мі­рі 02-036-155-1802)
    газ құ­бы­рын са­лу және пай­да­ла­ну үшін
    0,06
    Барлығы:
    0,06

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.