Қазығұрт ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 қазан 2024 ж.

    Қазығұрт ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына және «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 тіркелген), Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қазығұрт ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы

    Т. Калымбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.