Түркістан облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (қалааралық облысішілік) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қазан 2024 ж.

    Түркістан облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (қалааралық облысішілік) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар «Арыс-Түркістан», «Жібек жолы-Түркістан» тұрақты ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тасымалдау тарифтері 1 (бір) километрге 6 (алты) теңге белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Д. Сатыбалды

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Түркістан облыстық

    мәслихат төрағасының

    міндеттерін уақытша атқарушы

    _____________ А.Салимов

    2024 жылғы «____» ___________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.