Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 «Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қазан 2024 ж.

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/111 «Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Жаңаөзен қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы №14/111 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4693-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімге 1 қосымшада:

    5-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «4) 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні:

    жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы

    Г. Байжанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

    үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

    басқармасы» мемлекеттік мекемесі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.