Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 17 қазан 2024 ж.
Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 4 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7817 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С.Кенжетай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.