«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қазан 2024 ж.

    «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

    реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    7
    «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
    865 885,7
    »;
    көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:
    реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    2
    «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
    Алматы қаласы
    30 676,33
    »;
    көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшада:
    реттік нөмірі 1533-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    1533
    D92.247.026
    Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия
    214 180,88
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
    2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші абзацын қоспағанда, 2024 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Әлназарова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.