Көлік саласында азаматтық авиация бөлігінде тексеру парақтарын бекіту туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қазан 2024 ж.

    Көлік саласында азаматтық авиация бөлігінде тексеру парақтарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. Бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде тексеру парақтары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    __________Н. Байбазаров

    Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы

    __________М. Калиакпаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының

    Құқықтық статистика және

    арнайы есепке алу комитеті

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2024 жылғы 15 қазандағы

    № 90 мен

    Қазақстан Республикасы

    Көлік министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 10 қазандағы

    № 327

    Бірлескен бұйрыққа

    1-қосымша

    Тексеру парағы

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде_______________________

    ______________________________________________________ әуежайға қатысты (көлік саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган/ұйым _______________________________________________

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылауды тағайындау туралы акт

    _______________________________________________________________ (№, күні)

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде тексерілетін бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы____________________________________________________

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ____________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    (Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    Орналасқан жерінің мекенжайы__________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес
    Талаптарға сәйкес емес
    1.
    Ереженің, персоналдың лауазымдық нұсқаулықтарының, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың болуы
    2.
    Алдыңғы тексерулердегі сәйкессіздіктер мен бұзушылықтарды жою туралы растаудың болуы
    3.
    Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру қағидалары бойынша нұсқаулықтың және басқа да құжаттардың болуы
    4.
    Жолаушыларға қызмет көрсету ережелерімен танысу рәсімінің болуы
    5.
    Орындалатын функционалға сәйкес қызметкерлерді даярлау бағдарламасының болуы
    6.
    Әуежайда такси шақыру мүмкіндігінің болуы
    7.
    Жолаушыларды отырғызу/түсіру және вокзал маңындағы алаңнан шығу жөніндегі операцияны жүзеге асыру үшін вокзал маңында автокөлікті тегін тұраққа қою уақытының нормасы жеткілікті болуы
    8.
    Әуежай стандартын сақтау және автотұрақтарды бақылау. Әуежай талаптарын сақтау және олардың орындалуын бақылау
    9.
    Әуежайда автотұрақтардың жеткілікті орындарының болуы жөніндегі талаптарды сақтау
    10.
    Әуежай клиенттерінде тұрақ қызметтері құнының нұсқасын таңдау мүмкіндігінің болуы бойынша талаптарды сақтау
    11.
    Әуежайда жолаушыларды бағдарлау және оның орындалуын бақылау үшін пиктограммалар мен ақпараттық жазуларға әуежай стандартын сақтау
    12.
    Әуежайдың ұшу ақпараты бар ақпараттық таблоға әуежай стандартын сақтау және оның орындалуын бақылау.
    Әуежайдың ұшу ақпараты бар ақпараттық таблоға әуежай стандартының болуы және оның орындалуын бақылау.
    13.
    Әуежайда жолаушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау стандартын сақтау
    14.
    Багаж арбашалары қызметтерін ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау бойынша әуежай стандартын сақтау
    15.
    Әуежай персоналы мен уәкілетті агенттерінің сыртқы түріне және оның орындалуын бақылауға қойылатын әуежай талаптарының стандартын сақтау
    16.
    Әуежайдың сөйлеу мәдениеті мен тілдесу фразеологиясына, персонал мен уәкілетті агенттерді даярлау бағдарламасына, оның орындалуын бақылауға қойылатын талаптарының стандартын сақтау
    17.
    Жеке басын куәландыратын құжатта оның деректеріне сәйкес жолаушыға отырғызу талонын беруді қамтамасыз ететін рәсімнің сақтау
    18.
    Багажды және қол жүгін ресімдеу бойынша рәсімді сақтау (тасымалдауға тыйым салынған заттар бойынша сауалнама, қол жүгі тегтерінің болуы, багаж тегінің болуы, транзит, трансфер, бизнес және т. б.)
    19.
    Екі жасқа дейінгі балалар, еріп жүрмейтін кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар сияқты жолаушылардың жекелеген санаттарына қызмет көрсету бойынша рәсімдерді сақтау
    20.
    Тіркеу сөрелерінде қол жүгін тасымалдау нормасы және багажда және қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы ақпараттық тақтайшалардың болуы бойынша талаптарды сақтау.
    21.
    Авиакомпанияның тіркеудің басталуы мен оның аяқталуының уақыт шеңберін сақтауды ұйғаратын стандартын сақтау
    22.
    Багаждың салмағын анықтау үшін қызмет көрсету процесінде пайдаланылатын жабдықты мерзімді тексеруді және калибрлеуді және тексеру және калибрлеу жазбаларын сақтауды қамтамасыз ететін рәсімдерді сақтау
    23.
    Әуе кемесінің бортына тиелген багажды, бортқа өтпеген тіркелген жолаушыны алу рәсімін сақтау
    24.
    Жүктеуді бақылау қызметіне ақпарат пен деректерді беру рәсімін сақтау
    25.
    Тәртіпті емес немесе рейс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін санаттағы жолаушыларға қызмет көрсету рәсімін сақтау
    26.
    Тіркелген багаж ретінде, сондай-ақ әуе кемесінің салонында қаруды ресімдеу және тасымалдау рәсімін сақтау
    27.
    Тіркелген багаж ретінде немесе ұшақ салонында тасымалдау үшін аккумуляторлардан жұмыс істейтін жүріп-тұру құралдарын қабылдау және ресімдеу рәсімін сақтау
    28.
    Отырғызу талондарының, багаж тегтерінің және жолаушылар туралы ақпараттың сақталуын және қауіпсіз кәдеге жаратылуын қамтамасыз ету үшін рәсімнің сақталуы.
    29.
    Ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларды тасымалдау кезінде толтыруға арналған тиісті жүк құжаттар мен нысандардың болуы бойынша талаптарды сақтау
    30.
    Әуе кемесінің бортына отырғызу басымдығы рәсімдерін сақталуы
    31.
    Багажды беру рәсімінің болуы бойынша талаптарды сақтау
    32.
    Әуежай стандартын сақтау және жолаушыларға багажды беру уақытын бақылау. Рейстің ұшуы бойынша багажды алу уақыты кесте бойынша болмауы тиіс
    33.
    Жолаушыларды уақтылы және сенімді ақпараттандыру рәсімінің болуы (қазақ және орыс тілдерінде) бойынша талаптарды сақтау
    34.
    Әуежайдың қоғамдық тамақтандыру қызметтерін жеткізушілерге, қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарын сақтау
    35.
    Әуежайда жолаушылар қозғалысына кедергі келтірмейтін әуежайдың барлық режимдік аймақтарында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының орналасуы бойынша талаптарды сақтау
    36.
    Тасымалдаушыларға рейс кешіктірілген және тоқтатқан кезде жолаушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға мүмкіндік беру жөніндегі талаптарды сақтау
    37.
    Жолаушыларға әуежайдың режимдік аймақтарында сымсыз байланыс арналарына және Интернетке тегін қол жеткізуге техникалық мүмкіндік беру жөніндегі талаптарды сақтау. Осы мәселе бойынша кәсіпорын стандартының және бақылаудың болуы
    38.
    Тексеру және бақылау рәсімдерінен өту алдында келу аймағында дәретхана бөлмелерінің болуы жөніндегі талаптарды сақтау.
    Жоғары жайлылық аймақтарында дәретхана бөлмелерінің болуы жөніндегі талаптарды сақтау.
    Багажды алу аймағында дәретхана бөлмелерінің болуы жөніндегі талаптарды сақтау.
    Жолаушыларға және қарсы алатын адамдарға қызмет көрсету аймағында дәретхана бөлмелерінің болуы жөніндегі талаптарды сақтау.
    Келу бойынша паспорттық бақылаудан өту аймағында дәретхана бөлмелерінің болуы жөніндегі талаптарды сақтау.
    Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған аймақтарда дәретхана бөлмелерінің болуы жөніндегі талаптарды сақтау.
    39.
    Дәретхана бөлмелерін ұстауға стандарт пен бақылаудың болуы бойынша талаптарды сақтау. Дәретхана бөлмелерін тазалау кестесінің болуы бойынша талаптарды сақтау.
    40.
    Әуежай мен аймақтың максималды өткізу қабілеттілігіне сәйкес күту аймақтарында алаңдар мен отыратын орындарды қамтамасыз етуге әуежай стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау.
    41.
    Аэровокзалдың барлық залдарында/аймақтарында отыратын орындардың болуы бойынша талаптарды сақтау.
    42.
    Жолаушылардың ұшу/келу рәсімдерінен өту уақытын реттейтін, шекара қызметімен келісілген әуежай стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау.
    Паспорттық бақылауда шекара қызметімен келісілген жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығының болуы бойынша талаптарды сақтау және орындалуын бақылау
    43.
    Аэровокзалды күтіп ұстау тазалығы стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау.
    Аэровокзалдың тазалық стандартын орындау бойынша бақылаудың болуы бойынша талаптарды сақтау.
    Әуежайда жолаушылардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуді өндірістік бақылау жүйесінің болуы және жұмыс істеуі жөніндегі талаптарды сақтау
    44.
    Әуежайдың ауа температурасы және аэровокзалдағы үй-жайларды жарықтандыру бойынша стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау, әуежайдағы үй-жайлардың ауа температурасы мен жарықтандыру көрсеткіштерін мониторингілеу және бақылау
    45.
    Әуежайда жолаушыларға қызмет көрсетудің технологиялық кестесі стандартының, оның орындалуын бақылау жүйесінің болуы бойынша талаптарды сақтау. Әуежайда жолаушыларға ұшу уақыты 45 минуттан аспауы керек. Бұл уақыт стандарты жолаушылар үшін қол жетімді
    46.
    Әуежайда жолаушыларға қызмет көрсетудің технологиялық кестесі стандартының, оның орындалуын бақылау жүйесінің болуы бойынша талаптарды сақтау. Әуежайда жолаушыларға ұшу уақыты 60 минуттан аспауы керек. Бұл уақыт стандарты жолаушылар үшін қол жетімді
    47.
    Жоғары жайлылық залдарында: жоғары қызмет көрсету класындағы жолаушылар үшін; депутаттық залдар үшін: жоғары жайлылық залдарында жолаушылар мен авиатасымалдаушыларға қызмет көрсетуді және оларға қызмет көрсетуді айқындайтын әуежай стандарты мен жоғары жайлылық залдарының болуы бойынша талаптарды сақтау
    48.
    Әуежайдың жайлылығы жоғары залдарда жолаушыларға қызмет көрсету сапасының мониторингіне қойылатын талаптарын сақтау. Әуежай тарапынан жоғары жайлылық залдарында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылау талаптарын сақтау
    49.
    Жолаушының жеке деректерін растау үшін цифрлық құжаттар сервисінің болуы бойынша талаптарды сақтау
    50.
    Уәкілетті ұйыммен келісілген формальдылықты оңайлату жөніндегі бағдарламаның болуы бойынша талаптарды сақтау
    51.
    Формальдылықты жеңілдету және жұмыс жүргізу жөніндегі әуежай комиссиясының болуы бойынша талаптарды сақтау.
    52.
    Авиакомпаниялар мен әуежайларда халықтың жүріп – тұруы шектеулі топтарына (бұдан әрі – PRM (persons with Reduced Mobility) жататын жолаушыларға қызмет көрсетудің өздері қабылдаған қағидалары мен стандарттарына жауап беретін уәкілетті агенттердің жеке және персоналын даярлау жөніндегі бағдарламалардың болуы бойынша талаптарды сақтау. Бағдарламалар персонал санаттарының PRMs-пен тікелей өзара әрекеттесу деңгейін ескеруі керек. Бағдарламаларды мүгедектер ұйымдарының сарапшыларымен келісу
    53.
    Әуежайдың ресми интернет парағында және анықтамалық қызметінде әуежайда PRMs қызмет көрсету шарттарында ақпараттың және оларды ұшуға дайындау бойынша ұсынымдардың болуы бойынша талаптарды сақтау
    54.
    Әуежайда PRMs қызмет көрсету сапасының стандартының, вокзал маңындағы алаңда тұрақтарға, тұрақтарға, аялдамаларға, кездесу орындарына қойылатын талаптардың; вокзал маңындағы алаңда және аэровокзалда PRMs қозғалысын ұйымдастыру схемаларының; тұрмыстық қызметтер мен сервистік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың сақталуы
    55.
    Әуежайда PRMs қызмет көрсету сапасы стандартының, жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсету жылдамдығы мен жайлылығының; ақпараттық қызмет көрсетудің; персоналды даярлаудың болуы бойынша талаптарды сақтау
    56.
    Барлық мүдделі тұлғалардың стандартымен танысу үшін әуежайда PRMS қызмет көрсету сапасы стандартының болуы бойынша талаптарды сақтау және телефон және электрондық коммуникация құралдары бойынша қажетті консультациялар алу мүмкіндігі. PRMS қызмет көрсету және мүгедектер ұйымдары сарапшыларының орындалуын бақылау бойынша әуежай стандартын әзірлеуге тарту
    57.
    PRMs шығуы мен отырғызуын, PRMs тұрағының көрінетін белгісін ескере отырып, аэровокзалға кіре берістегі аймақта PRMs бар автомобильдер үшін арнайы аялдама белгілерінің болуы бойынша талаптарды сақтау
    PRMs аялдамасын жер деңгейінен 700-1200 миллиметр (бұдан әрі - мм) деңгейінде орналасқан арнайы көмек шақыру пультімен жабдықтау
    58.
    PRMs шығуы мен отырғызуын, PRMs тұрағының көрінетін белгісін ескере отырып, аэровокзалға кіре берісте PRMs бар такси аялдамасының арнайы белгілерінің болуы бойынша талаптарды сақтау. PRMs аялдамасын жер деңгейінен 700-1200 м биіктікте орналасқан арнайы көмек шақыру пультімен жабдықтау. Әуежайдың интернет парағында PRMs тасымалдау үшін таксиге тапсырыс беру туралы ақпараттың болмауы
    59.
    Аэровокзалдағы қоғамдық және жеке көліктің аялдамалары мен аялдамаларынан көшу кезінде PRMS көмек көрсету жөніндегі қызметті алудың болуы бойынша талаптарды сақтау
    60.
    Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған аэровокзал ғимаратына кіре берісте рельефті тактильді белгілердің (жолдардың), дыбыс хабарлаушының, сондай-ақ ұшу және ұшу бойынша PRMs әуежайында Кездесу орнын көрсете отырып, белгінің (лайтбокс) еден деңгейінен 2 метр 60 сантиметр деңгейінде орнатылған болуы бойынша талаптарды сақтау
    61.
    Әуежай аумағы бойынша жүріп-тұру және әуежай персоналы, әуе жолаушылар тасымалдаушысы және олардың агенттері тарапынан әуе кемесіне отырғызу кезінде PRMs көмегінің болуы бойынша талаптарды сақтау
    62.
    Есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін едендегі рельефті жолдар, ғимараттың рельефтік карталары мен схемасы, әуежайдың вокзал маңы аумағы бойынша және аэровокзал бойынша PRMs қозғалысын ұйымдастыру схемасы туралы ақпараттың жүгіру жолы мен жарық таблосының болуы бойынша талаптарды сақтау. PRM қозғалысына кедергілердің болмауына әуежайдың жауапты тұлғалары тарапынан тұрақты бақылау
    63.
    Әуежайға келу және ұшу бойынша жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің ресми рәсімдерінен өту кезінде әуежай персоналы, олардың уәкілетті агенттері тарапынан PRMs үшін арнайы медициналық көмектің болуы бойынша талаптарды сақтау
    64.
    Әуежайдың ерекшелігін және PRMs үшін тасымалдаудың қолжетімділігін ескере отырып, әуежайдың барлық қызметтерімен және мемлекеттік бақылау органдарымен келісілген PRMs жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің технологиясы мен технологиялық кестесінің болуы бойынша талаптарды сақтау
    65.
    Әуежайдағы барлық PRMs қызмет көрсету және күту аймақтарында PRMs үшін арнайы жабдықталған дәретхана кабиналары мен демалыс бөлмелерінің болуы бойынша талаптарды сақтау. Дәретхана кабиналары мен демалыс бөлмелеріне PRMs қозғалысына көмек көрсету. PRMs үшін дәретхана кабиналарының орналасқан жерін көрсете отырып, Брайль бойынша пиктограммалар мен көрсеткіштердің болуы бойынша талаптарды сақтау.
    66.
    Әуежайда әуе кемесінің бортына және кері қарай PRMs тасымалдау, көтеру/түсіру үшін арнайы автокөлік пен механизмдердің болуы бойынша талаптарды сақтау
    67.
    Аэровокзалда ана мен бала бөлмесінің болуы бойынша талаптарды сақтау
    68.
    Жолаушыларды тіркеудің автоматтандырылған жүйесінің болуы бойынша талаптарды сақтау
    69.
    Отырғызу талонын жолаушының жеке басын куәландыратын құжатпен салыстыру бойынша бақылаудың болуы бойынша талаптарды сақтау
    70.
    Әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету және сервис стандарттарының ережелерін тиісінше орындамау туралы уәкілетті органнан және құқық қорғау органдарынан ақпараттың болуы

    Лауазымды адам (-дар) _________________________ _______________ лауазымы қолы

    ______________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Көлік саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектісінің басшысы

    ___________________________________ ___________________ лауазымы қолы

    ____________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2024 жылғы 15 қазандағы

    № 90 мен

    Қазақстан Республикасы

    Көлік министрінің

    міндетін атқарушы

    2024 жылғы 10 қазандағы

    № 327

    Бірлескен бұйрыққа

    2-қосымша

    Тексеру парағы

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде ______________________________

    _______________________________________________ авиакомпанияға қатысты (көлік саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылауды тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган/ұйым _______________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде тексеруді тағайындау туралы акт_______________________________________________________________ (№, күні)

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде тексерілетін бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы____________________________________________________

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ________

    _____________________________________________________________________

    (Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

    Орналасқан жерінің мекенжайы__________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Та­лап­тар тіз­бе­сі
    Та­лап­тар­ға сәй­кес
    Та­лап­тар­ға сәй­кес емес
    1.
    Пер­со­нал­дың ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­та­ры­ның, ең­бек­ті қор­ғау және қа­уіп­сіз­дік жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тар­дың бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    2.
    Ал­дың­ғы тек­се­ру­лер­дің тү­зе­ту әре­кет­те­рі жос­па­ры­ның орын­да­луын тек­се­ру және ал­дың­ғы тек­се­ру­лер ке­зін­де анық­тал­ған сәй­кес­сіз­дік­тер мен бұ­зу­шы­лық­тар­дың жой­ы­л­ға­нын рас­тау
    3.
    Әуе кө­лі­гін­де жо­ла­у­шы­лар­ды, ба­гаж­ды және жүк­тер­ді та­сы­мал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры бой­ын­ша бас­шы­лық­тың және бас­қа құ­жат­тар­дың бо­луы жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
    4.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та оның де­ректе­ріне сәй­кес жо­ла­у­шы­ға отыр­ғы­зу та­ло­нын бе­ру­ді қам­та­ма­сыз ете­тін рә­сім­нің бо­луы жө­нін­де­гі та­лап­тың сақ­та­луы
    5.
    Ба­гаж­ды және қол жү­гін ре­сім­деу бой­ын­ша рә­сім­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    6.
    Екі жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар, еріп жүр­мей­тін кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар, жүк­ті әй­ел­дер, мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар си­яқ­ты жо­ла­у­шы­лар­дың же­ке­ле­ген са­нат­та­ры­на қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша рә­сім­дер­дің бо­луы жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
    7.
    Тір­кеу сө­ре­ле­рін­де қол жү­гін та­сы­мал­дау нор­ма­сы және ба­гаж­да және қол жү­гін­де та­сы­мал­да­у­ға тый­ым са­лын­ған заттар ту­ра­лы ақ­па­рат­тық тақ­тай­ша­лар­дың бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    8.
    Тір­кеу және отыр­ғы­зу ай­ма­ғын­да стан­дарт­та­у­шы­ның бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    9.
    Ба­гаж­дың сал­ма­ғын анық­тау үшін қыз­мет көр­се­ту про­це­сін­де пай­да­ла­ны­ла­тын жаб­дық­ты мер­зім­ді тек­се­ру­ді және ка­либр­ле­уді және тек­се­ру және ка­либр­леу жа­з­ба­ла­рын сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­тін рә­сім­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    10.
    Әуе ке­ме­сі­нің бор­ты­на ти­ел­ген ба­гаж­ды, борт­қа өт­пе­ген тір­кел­ген жо­ла­у­шы­ны алу жө­нін­де­гі рә­сім­нің бо­луы жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
    11.
    Жүк­те­уді ба­қы­лау қыз­ме­тіне ақ­па­рат пен де­ректер­ді бе­ру рә­сі­мі­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    12.
    Тәр­тіп­ті емес неме­се рейс қа­уіп­сіз­ді­гі үшін қа­уіп төн­ді­ре­тін са­нат­та­ғы жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту рә­сі­мі­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    13.
    Тір­кел­ген ба­гаж ре­т­ін­де, сон­дай-ақ әуе ке­ме­сі­нің са­ло­нын­да қа­ру­ды ре­сім­деу және та­сы­мал­дау рә­сі­мі­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    14.
    Тір­кел­ген ба­гаж ре­т­ін­де неме­се ұшақ са­ло­нын­да та­сы­мал­дау үшін ак­ку­му­ля­тор­лар­дан жұ­мыс іс­тей­тін жү­ріп-тұ­ру құ­рал­да­рын қа­был­дау және ре­сім­деу рә­сі­мі­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    15.
    Отыр­ғы­зу та­лон­да­ры­ның, ба­гаж тег­те­рі­нің және жо­ла­у­шы­лар ту­ра­лы ақ­па­рат­тың сақ­та­луын және қа­уіп­сіз кә­де­ге жа­ра­ты­луын қам­та­ма­сыз ету үшін рә­сім­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    16.
    Ерекше қа­жет­ті­лік­те­рі бар жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­дау ке­зін­де тол­ты­ру үшін ти­іс­ті жүк­құ­жат­тар мен ны­сан­дар­дың бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    17.
    Әуе ке­ме­сі­нің бор­ты­на қо­ну­дың ба­сым­ды­лы­ғын сақ­тау рә­сі­мі­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    18.
    Ба­гаж­ды бе­ру рә­сі­мі­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    19.
    Жо­ла­у­шы­лар­ды уақ­ты­лы және дұ­рыс ақ­па­рат­тан­ды­ру жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау (қа­зақ, орыс және ағы­л­шын тіл­де­рін­де)
    20.
    Қыз­мет­кер­лер­дің және та­сы­мал­да­у­шы­ның уәкі­лет­ті агент­те­рі­нің сырт­қы тү­ріне қой­ы­ла­тын та­лап­тар стан­дар­ты­ның бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау және Стан­дарт­тың сақ­та­луын ба­қы­ла­уды орын­дау
    21.
    Қа­рым-қа­ты­нас мә­де­ни­е­ті мен қа­рым-қа­ты­нас фра­зео­ло­ги­я­сы та­лап­та­ры­ның стан­дар­ты­на, сон­дай-ақ пер­со­нал мен уәкі­лет­ті агент­тер­ді да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды сақ­тау және стан­дарт­тың сақ­та­луын ба­қы­ла­уды орын­дау
    22.
    Ба­гаж­ды із­де­сті­ру рә­сі­мі­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    23.
    Ба­гаж­ды та­сы­мал­дау ке­зін­де ақа­у­лар ту­ра­лы акт (PIR – Property Irregularity Report) жа­сау бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    24.
    Ба­гаж бү­лін­ген, кі­дір­ті­л­ген және жо­ғал­ған жағ­дай­да өте­ма­қы­ны көз­дей­тін рә­сім­нің бо­луы жө­нін­де­гі та­лап­ты сақ­тау
    25.
    Жа­ну­ар­лар мен құ­стар­ды та­сы­мал­дау рә­сі­мі­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    26.
    Мұ­зы­ка­лық ас­пап­тар­ды та­сы­мал­дау рә­сі­мі­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    27.
    Авиа­ком­па­ни­я­лар­да ха­лық­тың мо­биль­ді­лі­гі тө­мен топ­та­ры­на (бұ­дан әрі – PRM (persons with Reduced Mobility) жа­та­тын жо­ла­у­шы­ға (лар­ға) қыз­мет көр­се­ту­дің өзде­рі қа­был­да­ған қа­ғи­да­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­тін уәкі­лет­ті агент­тер­дің же­ке және пер­со­на­лын да­яр­лау жө­нін­де­гі бағ­дар­ла­ма­лар­дың бо­луы жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау. Бағ­дар­ла­ма­лар пер­со­нал са­нат­та­ры­ның PRMs-пен ті­ке­лей өза­ра әре­кет­те­су дең­гей­ін ес­ке­руі ке­рек. Бағ­дар­ла­ма­лар­ды мү­ге­дек­тер ұй­ым­да­ры­ның са­рап­шы­ла­ры­мен ке­лі­су
    28.
    Әу­е­жай­да PRMs қыз­мет көр­се­ту шар­тта­ры­ның ре­сми ин­тер­нет-па­ра­ғын­да ақ­па­рат­тың бо­луы және олар­ды ұшу­ға дай­ын­дау бой­ын­ша ұсы­ным­дар­дың бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    29.
    Әу­е­жай­ға ке­лу және ұшу бой­ын­ша жо­ла­у­шы­лар авиа­та­сы­мал­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту­дің ре­сми рә­сім­де­рі­нен өту ке­зін­де авиа­ком­па­ния пер­со­на­лы, олар­дың уәкі­лет­ті агент­те­рі та­ра­пы­нан PRMs үшін ар­найы кө­мек­тің бо­луы жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
    30.
    Жо­ла­у­шы­лар­ды тір­ке­удің ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сі­нің бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    31.
    Отыр­ғы­зу та­ло­нын жо­ла­у­шы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­пен са­лы­сты­ру бой­ын­ша ба­қы­ла­удың бо­луы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
    32.
    Та­сы­мал­да­у­шы­ның жо­ла­у­шы ал­дын­да­ғы мін­дет­те­рін ти­ісін­ше орын­да­ма­ға­ны ту­ра­лы уәкі­лет­ті ор­ган­нан және құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­нан рас­тал­ған ақ­па­рат­тың бо­луы
    33.
    Рей­стің мәр­те­бе­сі­нің өзге­ру­іне бай­ла­ны­сты, егер өзге­ріс та­сы­мал­да­у­шы­ның кінә­сі бой­ын­ша неме­се әуе ке­ме­сі­нің кеш ке­лу сал­да­ры­нан бол­са, авиа­ком­па­ни­я­лар рейс мәр­те­бе­сі­нің өзгер­ге­ні ту­ра­лы ха­бар­дар болған­нан кей­ін жо­ла­у­шы­лар­ды би­лет­ті са­тып алу ке­зін­де көр­се­ті­л­ген ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік нө­мі­рі және элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы бой­ын­ша, сон­дай-ақ әу­е­жай­да рейс мәр­те­бе­сі­нің өзге­ру се­беп­те­рі және жа­ңа ұшу уа­қы­ты және (неме­се) жа­ңа марш­рут ту­ра­лы, сон­дай-ақ та­сы­мал­да­у­шы ұсы­на­тын қыз­мет­тер тіз­бе­сі ту­ра­лы ха­бар­дар ету мін­дет­те­рін ти­ісін­ше орын­дау
    34.
    Та­сы­мал­да­у­шы­ның кінә­сі­нен рей­стің мәр­те­бе­сі бес са­ғат­тан астам мер­зім­ге өзгер­ті­л­ген кез­де, жо­ла­у­шы­ның қа­ла­уы бой­ын­ша, қыз­мет­тер көр­се­те оты­рып, жо­ла­у­шы­ны би­лет­те көр­сетiл­ген ме­же­лі пунк­тіне дей­ін жа­қын ара­да ұша­тын рей­спен та­сы­мал­да­уды қам­та­ма­сыз ету неме­се би­лет­тiң то­лық құ­нын қай­та­ру­ды ре­сім­дей оты­рып мін­дет­тер­ді ти­ісін­ше орын­дау
    35.
    Та­сы­мал­да­у­шы­мен рей­стің мәр­те­бе­сі өзгер­ген кез­де жо­ла­у­шы­ның ал­дын­да мін­дет­тер­ді (ке­ші­гу­дің әр са­ға­ты үшін ави­би­лет ба­ға­сы­ның 3 % мөл­ше­рін­де ай­ып­пұл тө­леу) ти­ісін­ше орын­дау және қыз­мет­тер көр­се­ту (же­ті жас­қа дей­ін­гі ба­ла­сы бар жо­ла­у­шы­ға ана мен ба­ла бөл­ме­сін бе­ру (бар бол­са), ұз­ақ­тығы бес ми­нут­тан ас­пай­тын екі те­ле­фон қо­ңы­ра­уы, со­ның ішін­де ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс же­лі­сі ар­қы­лы неме­се элек­трон­дық по­шта ар­қы­лы екі ха­бар­ла­ма бе­ру, сал­қын­дат­қыш су­сын­дар­мен, ыстық та­мақ­пен қам­та­ма­сыз ету, қо­на­қүй­де ор­на­ла­сты­ру, кө­лік­пен әу­е­жай­дан қо­нақ үй­ге дей­ін және ке­рі жет­кі­зу)

    Лауазымды адам (-дар) _________________________ __________________ лауазымы қолы

    __________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Көлiк саласында азаматтық авиация бөлігінде бақылау субъектісінің басшысы

    ___________________________________ ___________________ лауазымы қолы

    ________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.