Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 наурыз 2024 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19 және 69 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес Шаға ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылы Ш.Қалдаяқов көшесі, 2 мекен жайда орналасқан Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектебіне «талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін» жалпы алаңы 0,0272 га (272 ш.м.) жер теліміне «ҚазақТелеком» акционерлік қоғамының филиалы – жобаларды басқару дирекциясына 3 (жыл) мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шаға ауылдық округі әкiмi

    Ы.Жуманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.